Жалған нөмір таққан жүргізушілерге қылмыстық жаза енгізу ұсынылды
Қазақстанда жалған мемлекеттік нөмір үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kz.kursiv.media сайтына сілтеме жасап.
Мәжілістің жалпы отырысы кезінде депутат Бақытжан Базарбек жалған нөмірлер тағу фактілері жол-көлік оқиғаларынан кейін жиі анықтала бастағанын және қоғам үшін үлкен қауіп төндіретінін атап өткен.
Депутат мұндай құқық бұзушылық үшін кемінде қылмысты Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов мәселенің өзекті екенін мойындап отыр. Айтуынша, жалған нөмірлерді көбінесе қылмыстық топ өкілдері әртүрлі заңсыз пайда табу немесе мүлікке қатысты қылмыстар жасау үшін пайдаланады.
Ішкі істер министрлігі депутаттың ұсынысын құптап, оны қылмыстық заңнаманы қайта қарау барысында қарастыратынын айтты. Мемлекеттік нөмірі көрінбейтін көлік жүргізушілеріне қанша айыппұл салынады. Нөмірді әдейі жасыру үшін пленка секілді заттарды қолданғандар, жалған нөмір орнатқандар да жауапқа тартылады.
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабында мынандай жауапкершілік қарастырылған:мемлекеттік нөмірі оқылмайтын немесе белгіленген жерге орнатылмаған нөмір үшін 5 АЕК (21 625 тг) айыппұл;
- мемлекеттік нөмір белгісі жоқ көлікті жүргізу – 10 АЕК (43 250 теңге);
-бұл әрекетті бір жыл ішінде қайталаса 20 АЕК (86 500 тг) айыппұл салынады немесе бір жылға көлік басқару құқығынан айырылады (сот шешімі қажет);
- қолдан жасалған нөмірді ілу – 15 АЕК (64 875 тг);
қолдан жасалған нөмірді ілу, нөмірді көруге кедергі келтіретін материалды пайдалану 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға және бір жылға көлік басқару құқығынан айыруға әкеледі.







