Оралды ежелден орыстың қаласы деген екі азамат тергелуде

153
Оралдың екі тұрғынының сепаратистік мәлімдемесі бойынша полиция тергеу бастады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.



Жүргізілген шаралардың нәтижесінде 1990 жылы туған азамат "Р" және 1987 жылы туған азамат "К" анықталды. Екеуі де Орал қаласының тұрғындары. 2023 жылдың 14 ақпанында аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі "Ұлтаралық араздықты қоздыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының шеңберіндегі өзге мәліметтер жария етуге жатпайды, - деп мәлімдеді БҚО полиция департаменті.


Басылым күдіктілер мен блогер арасындағы диалог чат-рулетка ғаламтор желісінде болғанын атап өтеді. Ер адам Оралдың ежелден орыс қаласы екенін айтып, қазақтілді қазақтарды "мамбет" деп атап, Ресей Қазақстанға шабуыл жасаса, орыстарды қолдайтынын айтқан.

Ұсталғаннан кейін ол қазақстандықтардан кешірім сұрап, блогермен мас күйінде сөйлескенін жеткізген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.