Атырауда 3 млрд теңге бөлінген концерт залы бұзылады
192
Атырауда құрылысы аяқталмаған концерт залы бұзылады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті.
Концерт залының іргетасы 2011 жылы, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің тұсында қаланды. Оның құрылысына бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді. 2012 жылы "Снабойлстрой" ЖШС иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, құрылыс тоқтады. 2014 жылы облыстық мәслихат құрылысты жалғастыру тиімді емес деген шешім қабылдады.
Осы уақыт ішінде аяқталмаған ғимарат бос тұрды. Темірбетон конструкциялары ескірген және оларды одан әрі пайдалану мүмкін емес.
Концерт залы толығымен бұзылып, оның орнына жаңа шығармашылық орталық салынады.