Бастауыш сынып мұғалімін өлтірген күдікті ұсталды

1 618

Фото: www.pervo.ruОрал қаласында полиция қызметкерлері бастауыш сынып мұғалімін өлтірді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ер адам 25 сәуірде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ұсталды. Күдікті бұрын сотталған Орал қаласының тұрғыны болып шықты.


«Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауда отыр. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», - делінген ведомствоның хабарламасында.


Еске салсақ, 25 сәуірде Орал қаласында бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитина өз пәтерінде өлі күйде табылған болатын.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.