"Балаңыз дуаланған": алаяқтар енді көріпкел болып, "дуа шешуге" ақша сұрайды

1 510

Фото: Opennews.kz ЖИҚазақстанда өзін емші, көріпкел немесе балгер ретінде таныстырып, адамдарды "балаңыз қатты дуаланған" деп қорқытып, ақша сұрайтын алаяқтар көбейген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция тұрғындарды мұндай адамдарға сенбеуге шақырды. 

Полиция мәліметінше, алаяқтар көбіне әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы байланысады. Олар адамның немесе оның баласының басында "қиын жағдай барын" айтып, түрлі белгілерді алға тартып, қорқытуға тырысады. Кейін "емдеу", "дуаны қайтару" немесе қажетті заттарды сатып алу үшін ақша аударуды сұрайды.

"Интернеттегі бейтаныс адамдардың "емдеп жазу", "көз тиюден арылту" туралы уәделеріне сенбеңіз. Таныс емес адамдардың есепшотына ақша аудармаңыз, банк картасының деректері мен SMS-кодтарды ешкімге бермеңіз. Мұндай хабарлама алсаңыз, қорқынышқа берілмей, ақпаратты тексеріңіз. Күмәнді жағдайға тап болған жағдайда хат алмасу тарихы мен ақша аударылғаны туралы түбіртектерді сақтап қойыңыз", – деп ескертті полиция.

Құқық қорғау органдары алаяқтардың адамдардың сенімі мен жақындары үшін алаңдауын өз пайдасына пайдаланатынын атап өткен.

Егер бейтаныс адам осындай тәсілмен ақша талап етсе немесе азамат алаяқтардың құрбаны болса, полиция "102" нөміріне дереу хабарласуға кеңес береді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.