Теміртауда көпқабатты үйде газ жарылды

264

Бүгін Теміртауда Металлургов даңғылындағы  бес қабатты тұрғын үйде газ жарылды деп хабарлады Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz агенттігіне сілтеме жасап.


Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үйде газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан үш пәтер бүлінген.

«53 адам эвакуацияланды. Оның жетеуі – бала. Төтенше оқиғадан зардап шеккен 4 адам ауруханаға жеткізілген. Қазір Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері мен жеті техникасы жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.