Қазақстан соғысқа дайын ба – Қорғаныс министрі жауап берді
238
Геосаяси жағдай ушыққан қазіргі кезеңде Қазақстан соғысқа дайын ба? Қарулы күштеріміз сақадай сай ма? Қаруымыз жеткілікті ме? Армиямыздың әлеуеті қандай? Бұл сұрақты Ulysmedia.kz порталының тілшісі Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа қойды.
Оның айтуынша, әскери салада жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Жее құрамда оқу-жаттығу жұмыстары өтеді.
Мерзімді әскери қызметтің уақыты бір жылдан екі жылға ұзаруы мүмкін бе деген сұраққа министр былайша жауап берді.
«Біз сарбазбыз. Біз өз мемлекетімізді қандай жағдай болмасын қорғауымыз керек! Иә, қазіргі жағдайды көріп отырмыз. Қарулы күштердің даярлық деңгейін мен Жоғарғы бас қолбасшының тапсырмасымен тексердім. Өзіңіз білетіндей, өткенде ғана біз «Батыл тойтарыс» деген оқу-жаттығу жиындарын аяқтадық. Қазір талдау жүргізіп жатырмыз. Қазақстан халқы ештеңеге алаңдамай-ақ қойсын. Иә, проблемалар бар. Олар бірақ шешіліп жатыр», - деді министр.
Оның айтуынша, әскери салада жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Жее құрамда оқу-жаттығу жұмыстары өтеді.
«Әскери мүмкіндіктерді арттырып, материалдық-техникалық қамту жағынан да шаралар қабылданады. Бұл жерде кеудемді тоқпақтағым келмейді. Қазақстанның Қарулы күштері басқа да әскери құрылымдар секілді Конституциялық құрылым мен аумақтық тұтастықты қорғау міндетін орындайды», - деді ол.
Мерзімді әскери қызметтің уақыты бір жылдан екі жылға ұзаруы мүмкін бе деген сұраққа министр былайша жауап берді.
«Оны жүзеге асыру үшін заңнамаға өзгеріс енгізу керек болады. Алдымен мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарды әлеуметтік тұрғыда қамсыздандыру мәселесін шешіп алайық. Содан кейін осы проблеманы реттегеннен кейін басқа да мәселелерді қараймыз», - деді ол.