Дәрігерге шабуылдаған ерлі-зайыпты жазаланды
Сот медицина қызметкерлерін құрметтемегені үшін ерлі-зайыптыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Еске салайық, Көкшетауда алған жарақаты салдарынан 3 жастағы баланың 3 саусағын кесіп тастауға тура келген. Баланың ата-анасы ауруханада шу шығарып, дәрігерге шабуылдаған.
Сот анықтағандай, облыстық балалар ауруханасының ғимаратында травматолог дәрігерге тіл тигізіп, оның үстеліндегі заттарды лақтырған. Азамат анестезиолог дәрігерге былапыт сөздер айтып, қорлаған. Сотта құқық бұзушылар кінәсін мойындады.