Қосылған құн салығына байланысты Қазақстанда тұрғын үй бағасы өседі

1 389

Фото: pixabay.comҚазақстанда құрылыс салушылар үшін 16%-дық қосылған құн салығы (ҚҚС) ставкасы енгізілгеннен кейін тұрғын үй бағасы көтерілуі мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мұны ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин мәлімдеді.

Құрылыс бизнесі үшін ҚҚС-ны 16% етіп белгілеу ұсынылды. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амриннің айтуынша, бұл бизнесті көлеңкеден шығару үшін қажет.

Мәжіліс алаңында журналистер ҚҚС көтерілгеннен кейін тұрғын үй бағасы өсе ме деп сұрады. Амрин салық мөлшерлемесін өсірмесе де, елде баға өсіп жатыр деп жауап берді.

"Инфляция шамамен 3% өседі. Әрине, баға өседі. Барлық тауар, әсіресе азық-түлік емес тауарлардың бағасы көтеріледі. Құрылымды есептесеңіз, тек ҚҚС есебінен бағаға байланысты 2,7-3%", – деді вице-министр.

Шенеуніктің айтуынша, тұрғын үй құрылысына пайдаланылған материалдар ескі бағамен алынғандықтан, салынып біткен пәтерлер қазіргі бағамен сатылады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.