Аудан әкімі "Әдемі" тігін шеберханасының жұмысымен танысты
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіндегі "Әдемі" тігін шеберханасының жұмысымен танысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мектеп формасын тігу, құрақ құрау және басқа да көптеген қызметтер көрсететін тігін цехы 2014 жылы жұмысын бастаған. Кәсіпкер Нұрсулу Ажарова «Ақниет» бағдарламасымен грант және «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасымен 3 млн. теңге несие алып, кәсібін дөңгелетуде.
Аудан басшысы кәсіпкердің ұсыныстарын тыңдап, тиісті сала орынбасалы мен бөлім басшысына тапсырма жүктеді.
Айта кетейік, биыл Алматы қаласында «Аламан құрақ» ұлттық құрақшылар қауымдастығының ұйымдастыруымен еліміздің 20 өңірінен келген 660 құрақшы бір мезетте құрақ құрап, 1366,8 шаршы метрге 660 дана құрақ көрпесі тігілген. Дүниежүзілік рекордтар кітабы саналатын «GLOBAL BOOK OF RECORDS GBR» және халықаралық рекордтар тіркеу қызметі агенттігінің сүйемелдеуімен қазақ құрақшылары әлемдік рекорд орнатып, оның қатарында Нұрсұлу Ажарова болып, арнайы сертификатпен марапатталды. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер 2022 жылы "Жыл үздігі" атанған.







