Ақмола облысындағы шенеунікке 21 млн айыппұл салынды

363

Ақмола облысында Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына 21 миллион теңге айыппұл салынды деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Фото: Абзал КалиевАқмола облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша бюджет қаражатын жымқыру деректері анықталды.

«Департамент басшысының жалған құжаттар бойынша іс-сапар шығыстарына бөлінген ақшалай қаражат алғандығы анықталды. Көкшетау қалалық сотының үкімімен 2022 жылғы 12 шілдеде Департамент басшысы С.Т.Алтаев ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі 2-бөлімшесінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған жымқырылған мүліктің он еселенген мөлшерінде, яғни 21 033 110 теңге айыппұл салынып, өмір бойы мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу құқығынан айырылды», – деді ведомствада
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.