Супермаркетте сатушы қызды бір ұрып құлатты

325

Қарағандыдағы супермаркетте тұтынушы әйел кассир қызды бір соққымен ұрып құлатқан, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Жәбірленген қыз небәрі 18 жаста. Оның туысының айтуынша, оқиға болған мезетте кассир үзілісін пайдаланып, өзі де дүкеннен шоколад сатып алмақ болған. Кезекте тұрған сәтте оның артындағы әйел асықтырып, балағат сөздер айтқан көрінеді. Оған жауап берген сәтте желке тұсынан ауыр соққы алған.

Бойжеткен біраз уақыт есін жинай алмаған. Ол басы айналып, орнынан тұра алмағанын айтады. Медициналық сараптама жарақаттың жеңіл екенін көрсетіпті. Сондықтан қол көтерген әйел енді тек айыппұлмен құтылуы мүмкін.




Бұл фактіні Қарағанды облысы полиция департаменті растады. 


18 жастағы қала тұрғыны өзіне 48 жастағы сатып алушының дене жарақатын салғаны туралы мәлімдемесі полицияда тіркелген. Жанжал кезекте жәбірленушінің әдепсіз қылық танытқанынан болған.Сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, – делінген хабарламада. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.