Пәтер үшін есімін өзгертті

2 523

Фото: Caravan.kzЕліміздің тұрғыны пәтер ұтысына қатысу үшін есімін өзгертті,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Сейфулла Серікұлы беларусь блогері Mellstroy өткізген байқауға қатысу мақсатында ресми түрде Mellstroy Game есімін алған. Ер адам Instagram желісінде бұл шешімді байқауға қатысу үшін қабылдағанын айтып, толқып тұрғанын жеткізген. Бейнежазбада оның халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) аты-жөнін өзгертіп жатқан сәті көрсетілген. Айта кетейік, бұған дейін дәл осы блогердің пәтер ұтысына қатысу үшін сауда орталығында ішкиіммен жүгірген Сейфулла 15 тәулікке қамалған болатын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.