Балабақшада бүлдіршінді жуындырып жатып күйдіріп алған

1 613

Фото: lada.kzАқтауда "Bala Land" балабақшасында бүлдіршінді гигиеналық процедуралар кезінде күйдіріп алған күтуші жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі lada.kz порталына сілтеме жасап.  


Мектепке дейінгі мекеме басшылығының айтуынша, бала гигиеналық процедуралар кезінде су температурасының өзгеруіне байланысты жарақат алған. Сонымен қатар медбике мен мұғалімнің қыздың ата-анасымен дер кезінде байланысып, жағдайды айтқанын жеткізді. 


“Процедура кезінде қыздың денесінде тек қызару байқалған. Өзін де жақсы сезінген. Алайда, бір сағаттан кейін бүлдіршіннің денесінде көпіршіктер пайда болды. Біз қатты өкінеміз, қателігімізді мойындаймыз және осы оқиға үшін толық жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Сондай-ақ кез келген қосымша ақпаратты беруге және ата-аналарға баласын емдеу кезінде қажетті көмекті көрсетуге дайынбыз. Балабақша басшылығы бүлдіршіннің емделуіне кеткен барлық шығынды өтеуге дайын", - деді басшылық.


Балабақша өкілі балаға гигиеналық процедураларды жасаған қызметкердің сол күні жұмыстан шығарылғанын хабарлады.


“Оның әрекетін ақтауға болмайды. Алдағы уақытта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын боламыз. Баланың ата-анасымен болған оқиға үшін тағы да кешірім сұраймыз", - деп қосты басшы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.