ҚАТЫН ГҮЛШАРА ШЕШІП БЕРДІ... - АЛМАСБЕК САДЫРБАЕВ
2 651
Қызылорда қаласында 50 шақты қызылордалық шаруалар мал азығына берілетін субсидияны беруді талап етті- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі күні мал шаруашылығына берілетін субсидия мәселесі әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Мал азығына бөлінетін қаржыны облыс әкімдігі мен ауыл шаруашылық басқармалары шеше алмай әлек. Сонымен қатар, Сырдария өзеніндегі су көлемінің азаюы жайылымдық жерлерді тарылтуда. Ал, мемлекет тарапынан берілетін қаржы төленбесе, облысымыздағы мал шаруашылығы құрдымға кетуі де мүмкін.
Облысымыздағы шаруалар 6 ай бойына субсидия мәселесі шешілмей келе жатқандығын атап өтті. Үш күн ішінде мәселе шешілмесе, аштық жариялайтындығын облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлының назарына жеткізді.
Десе де, Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев биылғы жылы мал азығына берілетін субсидия үшін жергілікті бюджетте қаржы жоқтығын кесіп айтты.
6 ай бойы шешімін таппаған мәселе бүгінде межесіне жетпей отыр. Ал, шаруалар басшылардың берген жауабына қанағаттанбауда.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ
Фото ашық дереккөзінен

Ал, ауыл шаруашылық эксперті Алмасбек Садырбаев:
«Бұрынғы әкім 3 сағаттың ішінде мәселемізді шешкен, қатын Гүлшара шешіп берген. Министрге звондап әйел басымен мәселені дер кезінде шешіп берген еді».
«Бұрынғы әкім 3 сағаттың ішінде мәселемізді шешкен, қатын Гүлшара шешіп берген. Министрге звондап әйел басымен мәселені дер кезінде шешіп берген еді».
Облысымыздағы шаруалар 6 ай бойына субсидия мәселесі шешілмей келе жатқандығын атап өтті. Үш күн ішінде мәселе шешілмесе, аштық жариялайтындығын облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлының назарына жеткізді.
«Үш күн ішінде облыс әкімі бізге жауап берсін. Бермей ме, біз бәріміз шығамыз, баратын жерге барамыз. Керек болса мына халық айтып жатыр, аштық жариялаймыз, жолды жабамыз деп жатыр. Амалдың жоқтығынан, соған барамыз. Облыс әкімінің алдынан өтейік, еліміздің азаматы деп сыйлап кеп отырмыз.», - дейді «Боранбай» шаруа қожалығының иесі Бейбітшілік Толыбаев.