60 пайызға жуық қазақстандықтардың өз өміріне көңілдері толмайтыны белгілі болды

672

Ұлттық статистика бюросының халықтың өмір сүру сапасы туралы жүргізген сауалнамасы нәтижесінде ел тұрғындарының жартысынан көбі өз өміріне көңілі толмайтыны белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бюро мәліметінше, сауалнамаға қатысқан респонденттердің 41,8% ғана өздерінің өмір сүру сапасы көңілдерінен шығатынын айтқан. Олардың көбісі –  ауыл тұрғындары. Ауыл тұрғындарының 46,5% өмір сүру жағдайына көңілдері толса, қала тұрғындарының тек 39,6% күн көрісіне разы.


Респонденттердің айтуынша, олардың табыстары мардымсыз. Сауалнамаға қатысқандардың тек 1%-ы жоғары табыс тапса, 72,2%-ның кірісі орташа деңгейде.


Қазақстандағы ер адамдар әйелдерге қарағанда өз өмірлеріне риза. Ерлердің 45,4%, әйелдердің 39,5%-ы өмір сүру сапасын оң бағалаған.

Өз өміріңізге көңіліңіз тола ма?

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.