Қазақстанда әскери қызметкерлердің жалақысы өседі
Әскери лауазымдық жалақы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап бір рет өсті. Енді келесі жылдың басынан бастап олардың жалақысы тағы өседі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, әскери қызметшілерге бұрын тоқтатылған жеңілдіктерді қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр:
- әскери қызметшілерге коммуналдық қызмет үшін төленетін үстемақыны отбасының әрбір мүшесіне төлеу арқылы көлемін өзгерту;
- әскери қызметшілер мен оның отбасы мүшелерінің жылына 1 рет демалыс орнына барып-қайту үшін жол жүру ақысын тегін етуді қайтару;
- әскери қызметшілердің қоғамдық көліктерде тегін жүруін қайтару;
Әскери қызметшінің жауынгерлік, жұмылдыру, оперативті дайындық бағдарламалары бойынша 1 тәуліктен артық далалық жағдайларда болуы барысында, сондай-ақ арнайы далалық жұмыстарды орындауда тәуліктік норманың 60% есебінен ақшалай үлесті қайтару.
Қаз
Рус






