«Екі әйелім бар»: Кәсіпкерді өлтірді деп айыпталған күдікті соттан өзін босатуды сұрады
Бүгін Орал қалалық мамандандырылған тергеу сотында кәсіпкерді өлтірген 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелдіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтініш қаралды. Бұл туралы «Мой город» порталы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Іс материалдарынан белгілі болғандай, күдіктілер 6 тамыз күні «Рахат Лукум» караоке мейрамханасының ғимаратында болып, мекеме иесі Еркін Мұханғалиевпен кездескен. Олардың арасында жанжал туындап, Қожантаев жиналмалы пышағымен оның мойын және кеуде тұсынан кем дегенде үш рет соққы берген. Осы кезде жақын жердғ тұрған Т. Амангелді де пышақ шығарып, мекеме әкімшілігіне баратын жолды жауып, қызметкерлерді қорқытқан.
«Марқұм аман қалу үшін ашық терезеден секіруге тырысқан. Осы уақытта Қожантаев оның бел аймағына тағы бірнеше рет соққы жасады. Одан кейін жараланған Мұханғалиев орталық стадионға қарама-қарсы тұрған тұраққа жүгірді. Күдіктілер ер адамды қуып жетіп, денесінің әр жерінен бірнеше рет тепкілеген. Р. Қожантаев кәсіпкерге тағы алты рет пышақ сұғып алады.
Мұханғалиев алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен»,— деді прокурор.
Кәсіпкердің өліміне мойын, кеуде, бел аймағының пышақ жарақаттары, сол жақ ұйқы артериясының, оң бүйректің зақымдануы, маңдай сүйектерінің сынуы себеп болған.
Мемлекеттік айыптаушы соттан ПД тергеушісінің өтінішін қанағаттандырып, Қожантаев пен Амангелдіні екі айға қамауға алуды санкциялауды сұрады.
Руслан Қожантаев тергеу дәлелдерімен келіспейтінін жеткізіп, екі әйелі (біреуі жүктіліктің соңғы айында), балалары және үйі бар екенін айтты. Ер адам соттан өзін екі айға қамауға алмауды сұрады.
Ал Тұрлан Амангелді сотта Руслан Қожантаевтың қысым көрсеткенін, сол күні өзімен бірге баруға мәжбүрлегенін мәлімдеді.
Судья Руслан Қожантаев пен Тұрлан Амангелді екі айға қамауға алынды.
Айта кетейік, екі күдікті бұрын сотталмаған.