Мемлекет басшысының 70 жас мерейтойы атап өтілмейтін болды

201

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 70 жас мерейтойына орай ешқандай шара ұйымдастырылмайтын болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі


Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай президенттің туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтардың көптеп түсетінін айтады. 


“Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады”, – делінген жазбада. 


Сәйкесінше Қазақстанда да, Қытайға сапар аясында да президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді екен. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.