Президент 2025 жылға дейін 1000 мектеп салуды тапсырды
476
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында 2025 жылға дейін елімізде 1000 мектеп салу міндетін алдыға қойды деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
"Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді. Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025 жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді. Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін", – деді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Одан бөлек, мемлекет басшысы педагогтардың біліктілік курстарын өз қаражаты есебінен өтуіне жол бермеу қажеттігін баса айтты.
"Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет. Мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуіміз керек деп санаймын. Өйткені олар шәкіртінің бойына жаңа білім сіңіре алатындай нағыз ағартушы болуға тиіс. Бұл ретте, ұстаздардың курстан өту үшін өз қалтасынан ақша төлеуіне жол берілмейді", – деді мемлекет басшысы.

Тағы да оқыңыздар
Саптық байқау өтті
1 534