Екі көлік соғылып, 1 адам қаза тапқан
Алматы облысының Гүлдала ауылында 2026 жылғы 10- шы ақпанда адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Жүргізушінің айтуынша, бағдаршамның жасыл шамы жыпылықтап, қарсы бағыттағы көліктер тоқтай бастағанда, ол Қазыбек би көшесінің қиылысында солға бұрыла бастаған. Сол сәтте қиылысқа жоғары жылдамдықпен Renault Kaptur көлігі шығып кеткен.
Қатты соққыдан кейін Chevrolet көлігі кері бағытқа қарай айналып кеткен. Ал басқарудан шыққан Renault жол жиегіне шығып кетіп, ары қарай жүріп барып, ағашқа соғылған.
Алдын ала болжам бойынша, Renault жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпаған болуы мүмкін. Бұған алдыңғы әйнектің қатты сынғаны дәлел бола алады.
Өкінішке қарай, жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Жол-патрульдік полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы апаттың барлық мән-жайын анықтауда.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлаған. Нақтылауынша, жол апаты Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 15-шақырымында болған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.







