Бетінде тыртық қалып, жүйкесі зақымданған: Әйел сәтсіз пластика үшін хирургті сотқа берді

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИАқтаулық әйел сәтсіз пластика үшін хирургті сотқа берді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпаратт агенттігі.

Ақтауда сот пластикалық операцияның салдарына тап болған пациентке моральдық зиянды өтеу ретінде хирург-дәрігерден 3 млн теңге өндіріп алды. Денсаулыққа зиян келу және моральдық зардап шегу фактісі сот-медициналық сараптамалармен расталды.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 2022 жылдың маусымында дәрігер әйелге бет пішінін түзету операциясын жасаған. Отадан кейін бет пен құлақ аймағында келоидты тыртықтар пайда болып, жұмсақ тіндердің жағдайы нашарлап, пациенттің сырт келбеті өзгерген.

Бастапқы емдеу күтілген нәтижені бермегендіктен, әйел басқа мамандарға жүгінген. 2025 жылы Алматыда оған қайтадан түзету операциясы жасалды. Осыдан кейін бет нерві тармағының зақымдануы мен жұмсақ тіндердің деформациясы орын алған. Пациент ұзақ уақыт бойы дене азабын шеккен.

Әйел хирургтен 20 млн теңге материалдық шығын мен 10 млн теңге моральдық зиян өтемақысын өндіруді талап етіп сотқа шағымданды.

Іс материалдарын зерделей келе, сот материалдық шығынды өндіруден бас тартты. Өйткені пациент кейінгі емделуге жұмсалған барлық шығындардың құжаттамалық дәлелдерін ұсынбаған.

Дегенмен, сот сараптамалары медициналық қызметтің сапасыз көрсетілуі салдарынан денсаулыққа зиян келтірілгенін және моральдық зардап шеккенін растады. Нәтижесінде талап-арыз ішінара қанағаттандырылды: дәрігерден пациенттің пайдасына моральдық зиян өтемақысы ретінде 3 млн теңге өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.