ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН АЛАҢДАРЫ ЖЕТІСПЕЙДІ
1 860
Қызылорда қаласында 40 мыңға жуық тұрғын мекендейтін ауданда балаларға арналған ойын алаңдары жоқ, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қаламыздағы «Шанхай» мөлтек ауданында бала саны көп болса да, балаларға арналған ойын алаңдарының жоқтығы халық наразылығын тудырып отыр. Балалардың денсаулығы мен өміріне алаңдаулы күйде отыратын аналар қала әкімдігінен көмек сұрауда. Осы орайда,
Тұрғындардың айтуынша, тым болмаса қала орталықтарына орнатылып қойған спорттық сауықтыру алаңшаларына да зәру болып отыр. Қала басшылығының назарына ұсынылса да, тұрғындар әкімдік табалдырығын талай тоздырғандығын айтып әлек. Құлақ түрер не басшысы не қосшысының қарасы көрінбей сол баяғы қалпында қалғанына қапалы болып отыр.
Шанхай ауданында бала саны ойын алаңшасын орнату үшін жетерлік. Алайда тың өзгерісті сарыла күткен тұрғындардың бірі
Расымен көненің көзіндей болған ауданда бір өзгеріс пен жаңашылдықтың болмағаны қалай? Қаламыздың орталығын аббаттандырып, жарықтандырып отырған жергілікті билік темір жолдың арғы жағындағы халықты ұмыт қалдырғаны ма?
Айта кету керек, «Шанхай» мөлтек ауданында №212, №222, №253-ші мектептер орналасқан. Аталмыш мектептердің футбол алаңдары шыны керек шаңы шығып жатыр. Үстіміздегі жылды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Балалар жылы» деп атап өткен болатын.
Осы орайда әкімдік тарапынан
Сонымен Шанхай тұрғындарына қуанышты хабар, биыл балалар үшін бір емес үш бірдей ойын алаңшасын қамтыған комплекті жоба іске аспақшы. Алдағы уақытта көп ұзамай балалардың қуанышына да ортақ болатын күннің алыс емес екендігіне сенейік.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«Шанхай районына көңіл бөліп, балалармен кешке демалып, серуендеп шығатын жер жоқ. Балалрға арнайы ойын алаңдары ол жоқ. Қала ішіне баруға ешкімнің шамасы жетпейді. Ерсілі – қарсылы жүрген көлікпен жағаласып, ойнауға мәжбүр.», - дейді көпбалалы ана Жанагүл.
Тұрғындардың айтуынша, тым болмаса қала орталықтарына орнатылып қойған спорттық сауықтыру алаңшаларына да зәру болып отыр. Қала басшылығының назарына ұсынылса да, тұрғындар әкімдік табалдырығын талай тоздырғандығын айтып әлек. Құлақ түрер не басшысы не қосшысының қарасы көрінбей сол баяғы қалпында қалғанына қапалы болып отыр.
Шанхай ауданында бала саны ойын алаңшасын орнату үшін жетерлік. Алайда тың өзгерісті сарыла күткен тұрғындардың бірі
«Балалар спорт алаңының жоқтығынан асфальтталған көлік жолының бойында ойнайды. Доп қуалаған балаларымыз абайсызда көліктің астына түсіп кете ме деп қорқамын. Басқа қайда барып ойнайды көшелеріміз тар, оның үстіне балалар үшін бір жағдай қарастырылмаған. Тіпті мектеп ауласында да ойын алаңы жоқ», - деді Мадина
Расымен көненің көзіндей болған ауданда бір өзгеріс пен жаңашылдықтың болмағаны қалай? Қаламыздың орталығын аббаттандырып, жарықтандырып отырған жергілікті билік темір жолдың арғы жағындағы халықты ұмыт қалдырғаны ма?
Айта кету керек, «Шанхай» мөлтек ауданында №212, №222, №253-ші мектептер орналасқан. Аталмыш мектептердің футбол алаңдары шыны керек шаңы шығып жатыр. Үстіміздегі жылды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Балалар жылы» деп атап өткен болатын.
Осы орайда әкімдік тарапынан
«Аралау жұмыстарын жүргіздік. Сол жердегі бос жатқан жерлерге осы жылы 4 ойын алаңшаласы салынады. Ойын алаңы Шанхай мен Әл-Фараби мөлтек ауданынан бюджетке сұраныс жіберілді. Бір комплекте дене, ойын және балалар алаңы үшеуі қосылған. Қала бойынша анықталған 11 жер учаскесінің 4-еуі Шанхай бетте орналасқан. Жоба берілген қаржы бөлінсе, құрылыс жұмыстары басталады», – дейді қала әкімдігінің мамандары.