Әйел адам жалаңаш күйде серуендеп жүрген

1 522

Фото:© instagram.com/v.temirtau/Теміртау көшелерінде әйел адам жалаңаш күйде серуендер жүргені анықталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарттық агенттігі azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде қала көшесінде жалаңаш жүрген қыздың фото және видеолары жарияланған.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 мамыр күні Теміртау қаласының полициясына Республика даңғылындағы қоғамдық орында өзін әдепсіз ұстаған әйел туралы хабарлама келіп түскен.

«Патрульдік полиция қызметкерлері 27 жастағы қала тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Медициналық куәландыру нәтижесінде әйелдің есірткі заттарының әсерінде болғаны анықталды», - деп хабарлады полиция.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.