Мектеп басшылығы бір баскетбол добын 232 мың теңгеге сатып алмақ болған

155

Шымкент қаласындағы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы бір баскетбол добын 232 мың теңгеге, волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алмақ болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап


Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында жазды.


Оның жазбасына сенсек, Шымкенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұл сатып алудың алдын алып, бюджеттің 2,2 млн теңгеден астам қаражатын үнемдеп қалған.


«Қалалық білім басқармасының «№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы» КММ мемлекеттік сатып алу жоспарында 2,7 млн бюджет қаражатына 20 доп алуды бекіткен. Тауардың әрбір бірлігі 2-ден 10 есеге дейін асыра бағаланып есептелген. Мемлекеттік мекеме баскетбол добын 232 мың теңгеге, ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған», - деп хабарлайды Ерғарин.


Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына жоспардың тармағын қайта қарау туралы ұсыныс хат жолдады. Нәтижесінде 2,2 млн теңгеден астам қаржы үнемделген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.