Шымкент жатақханасында студент жігіт көз жұмды

295

Фото: inform.kzШымкент қаласындағы жатақханада 1 курс студенті көз жұмды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz cайтына сілтеме жасап.



22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы полициясының кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан хабар түскен.


Онда колледждердің бірінің жатақханасынан 1-курс студентінің мәйіті табылғаны айтылған.
Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Салдарынан ол кенеттен өзін нашар сезінген.


Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған жас жігітке көмек көрсетіп үлгермеді.


Әл-Фараби АПБ қызметкерлері ҚР ҚК 106-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.


Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.