Әскерилер қаржылық пирамиданы басқарған
Атырау тұрғындары алаяқтарға алданып, пирамидаға 55 миллион теңгеден астам қаражат салған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі “Ақ Жайық” порталына сілтеме жасап.
Келісімшарт бойынша қызмет ететін сержанттар өзін америкалық Harmony Rider Technology (HRT) компаниясының өкілімін деп таныстырып, азаматтарды “көп табысың” деп алдап, бизнеске тартқан.
Мысалы, пирамиданың қатысушысы 350 доллар салса, ол алты самокатты басқару мүмкіндігі бар деп есептеліп, күніне 12 доллар табыс алады деп көрсетілген. Табыс пайдаланушының жеке кабинетіне күн сайын есептеліп, оны OKX криптовалюталық биржасы арқылы шығарып алған. HRT салымшыларын тіркеу www.harmony-rider.com платформасы арқылы жүргізілген. Сайт 2024 жылғы желтоқсаннан бері жұмыс істемейді. Алайда, HRT мен салымшылар арасында ешқандай келісімшарт жасалмаған.
HRT қызметі самокаттарды жалға берумен айналыспайды. Салымшыларға төлемдер тек жаңа қатысушылардан түскен қаражат есебінен жүргізілген.
HRT пирамидасы елдің алты өңірінде жұмыс істеген:
- Алматы облысы;
- Атырау облысы;
- Жамбыл облысы;
- Қызылорда облысы;
- Астана және Алматы қалаларында.
Ақтөбе гарнизоны әскери сотының үкімімен сержанттар қылмыстық кодекстің 217-бабының 2-тармағы, 3-бөлімі (Алдын ала сөз байласу арқылы топ болып, қаржы (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару, қаражат, мүлік немесе оған құқықтарды аса ірі көлемде тарту) бойынша кінәлі деп танылды. Олар 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді. Сотталушылар зардап шеккендерге материалдық шығын толық өтеуге міндеттелді.







