Мемлекет үй беруден бас тартқан: Шортандыдағы жарылыстан зардап шеккен отбасыға мешіт баспана сыйлады

463

Ақмола облысының Шортанды ауданында газ баллоны жарылысынан зардап шеккен отбасының бірі баспаналы болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Елордада орналасқан су жаңа пәтердің сертификатын облыс имамы табыстады.

"Науан Хазірет" мешіті халықтан 1 жарым ай ақша жинаған. 14 млн теңгенің басым бөлігі үй алуға жұмсалса, 4 млн теңгесі өрттен зардап шеккен тағы бір отбасы мүшелерінің ем-домына берілді.

Естеріңізде болса, Шортандыда болған апаттан 4 отбасы зардап шеккен еді. Үшеуіне әкімдіктен үй берілетін болды. Ал мемлекеттік көмектен тыс қалған отбасын ел осылай далада қалдырмады.

"Біз баспана әперуді ұйғарған отбасыға Үкімет тарапынан ешқандай көмек берілмейді. Неге? Өйткені олар – сол өрт болған үйге қонаққа келген отбасы және сол өрттен ата-анасы қайтыс болды. Балалар жетім қалды", – деді облыстың бас имамы Қуаныш Сәбит.