5 жасар қызды өлтірген қылмыскерге заңсыз үкім шығарған сот төрағасы қызметтен қуылды

762

Жоғарғы сот қылмыскерге заңсыз үкім шығарған сот төрағасын анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Қыздың өліміне кінәлі адам бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін он жылға жуық түрмеде жазасын өтеп шыққан екен. 


Кейіннен қылмыскер бостандыққа шыққан соң осы жылдың мамыр айында көршісіне ауыр дене жарақатын салғаны анықталды. Белгілі болғандай, екі тарап татуласқандықтан, қылмыскерге жеңіл жаза берілген көрінеді. 


Енді осы іске қатысты Жоғарғы сот қызметтік тексеру жүргізіп, заңсыз үкім шығару фактісін анықтады.


Жоғарғы сот тарапынан үстіміздегі жылдың мамыр айында кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды, - делінген хабарламада.


Еске салсақ, 14 шілдеде Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен 5 жастағы бүлдіршіннің өлі денесі ауылдасының үйінен табылғаны хабарланды.