ҚАРМАҚШЫДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ
107

Форумда сөз алған аудан әкімінің орынбасары мемлекеттің тұрақты дамуының негізі, қозғаушы күші – бәсекеге қабілетті жастар. Елдің ертеңгі егесі, ұлттың болашағы, мемлекеттің арқа сүйер тірегі жастарды қолдау-ел ертеңі мен ұлт тағдырына қатысты басым бағыттардың бірі екендігін айтып, жастарды мемлекеттік бағдарламалар бойынша жастар тәжірибесі мен қоғамдық және маусымдық жұмыстарға тарту, шағын гранттарға, кәсіпкерлік бағыты бойынша қайтарымсыз гранттарға қатыстыру тұрғысынан ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтіп, қашанда ел сенімін ақтап, тәуелсіздігіміз бен болашағымызды баянды ету жолындағы жастар бастамасына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ іс-шара барысында мемлекеттен қайтарымсыз несие алып, өз кәсіптерін кеңейтіп отырған бірқатар жас кәсіпкерлер тауарларының көрмесі ұйымдастырылып, көрермен назарына ұсынылды.

Тағы да оқыңыздар

Жәрмеңке-2024
1 215