Жезөкшелікпен айналысқан шетел азаматшалары ұсталды

1 563

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан шетел азаматшалары ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі.


Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, жезөкшелікпен айналысқан төрт шетелдік әйел жауапкершілікке тартылған.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында қаладағы қонақүйлердің бірінде интимдік қызмет көрсетумен айналысқан 11 әйел анықталды, олардың төртеуі Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары.

“Олар – 1997, 2000 және 2003 жылы туғандар. Құқық бұзушылар ҚР “Құқық бұзушылық профилактикасы туралы” заңының 29-бабы бойынша материал жинау үшін Алатау аудандық ПБ-ға жеткізілді, содан кейін қабылдап-таратуға орналастырылды. Қонақүйде ұсталған алты әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал қонақүй кешенінің иесі ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды”, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.

Полиция сонымен қоса14 қарашадан бастап қалада шетел азаматтарының ҚР-да болу ережелерін бұзу деректерін анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарын және шетелдіктерді заңсыз тартуды анықтау мақсатында іс-шара жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.