Аңшыларға тек аналық киікті атуға рұқсат берілуі мүмкін

1 699

фото: facebook парақшадан EcologyofKazakhstanЭкология министрі Ерлан Нысанбаев киік аулауға әуесқой аңшыларды тарту мәселесіне қатысты журналистердің сұрағына жауап берді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Оны да қарастырып жатырмыз. Бірақ бұл жерде қауіп көп. Біздің кең байтақ даламыз үлкен, ал инспекторлар саны әр аңшының артынан еріп жүруге мүмкіндік бермейді. Бұл тәжірибе Совет дәуірінде болған. Бір жылдары рұқсат беріліп, бүкіл дала мүйізі кесілген киіктердің тушасына толған. Сол себепті биыл тек аналығына (рұқсат – ред.) береміз бе деп ойлап отырмыз. Бірақ қазір оның жолы, әр қадамы қалай болады – соны аңшылар ұйымымен өзіміз ақылдасып жатырмыз", − деді Ерлан Нысанбаев Сенатта өткен брифингте.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.