Қызылорда қаласындағы маңызы бар даңғылдар аралығында абаттандыру жұмыстары басталды
Қызылорда қаласында С.Бейбарыс көшесін Н.Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін абаттандыру жұмыстары басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесін Н.Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін абаттандыру» жұмысы жобасы бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды. («ПрофЭксперт и К» ЖШС 2023 жылғы 16 қаңтардағы №ПЭК-0004/23 (оң) қорытындысы).
Анықтама үшін:
Ағымдағы құрылыстың жалпы сметалық құны – 1 741,740 млн теңге.
Құрылыс монтаждау жұмысы (СМР) – 1 393,638 млн теңге.
Жабдықтар – 1,758 млн теңге.
Басқа шығындар – 0,346 млн теңге.
Құрылыстың ұзақтылығы – 8 ай
Жобаның жалпы көлімі – 6284,1 м2
Орындық саны – 76 дана
Қоқыс жәшігі саны – 76 дана
Арық жүйесі – 62,9 м2
Ойын алаңы – 5 дана (комплект)
Жарық бағанасы – 108 дана
Жаяу жүргінші жолының көлемі – 6256,3 м2
Осы аталған жоба бойынша ағымдағы жылдың наурыз айының басынан бастап демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, осы кезге дейін болған 5 көздік жарық шамдары мен кеспе тастар алынды. Оның 5 көздік жарық шамдары ШЖҚ «Қызылорда тазалығы» МКК-нің қоймасына және бұзылған кеспе тастар Қызылорда қаласының білім бөліміне қарасты мектептер мен бала-бақшаларға алыс-беріс актісімен берілді.
![]()
"Қызылорда қаласы Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі аралықтағы Сұлтан Бейбарыс көшесін абаттандыру жұмыстарына бюджеттен қаражат қаралып, жұмыстар атқарылуда. Әкімдік алдындағы шыққан материалдар - қоршаулардың барлығы бөлім теңгеріміне алып, жиегіндегі бардерлердің бәрі мектеп, балабақшаларға есептеліп беріледі. Заттардың бәрі заңды түрде актіленіп қабылданады, ешкімнің мүлкі болып қалмайды", - деді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Дархан Бақтияров.
![]()
Сонымен қатар, С.Бейраыс көшесінің бойындағы 107 дана талдың 104 данасы арнайы бейіктетілген жерге көшірілді және 3 данасы кесілгендігін хабарлайды.
Қазіргі таңда, Қызылорда облысы әкімдігінің ғимаратына кіре-берістегі қоршаулары алынуда. Осы алыңған қоршаулар С.Бейбарыс көшесі бойында орналасқан С.Шаухаманов атындағы №9 «Білім-Инновация» лицейіне алыс-беріс актісімен беріледі деп жоспарлануда.
Тағы да оқыңыздар







