Мектеп мұғалімі 1 қыркүйекте оқушыларға шығыс биін билеп берген

855
Хабаровскідегі № 76 мектеп педагогі 1 қыркүйекте оқушылар алдында шығыс биін билеген. Видеоны "АиФ-Хабаровск" жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті білім басқармасы мектеп директоры мен қызметкерлеріне қатысты тексерісті бастап кеткен. Ведомство өкілдері кешірім сұрап, шығыс биін билеу мұғалімнің бастамасы болғанын айтады. 

"Мектептің тәрбиелік жұмысы күмән тудырды. Білім басқармасы мұндай жағдай қабылдауға келмейді деп санайды", - дейді басқарма өкілдері. 

Бұл жағдайға байланысты дау туып кеткеннен кейін мұғалім кешірім сұраған. Оның сөзінше, күн түсіп тұрғандықтан мұғалімнің іші ашық секілді көрінген, ал шын мәнінде ол жабық костюм болған екен. 
 
"Бұл әрекетім арқылы бақыт құсын көрсеттім, ешкімді ренжіткім келген жоқ", - дейді Юлия Марченко.