Ер адам сүйіктісіне жанармай шашып, өртеп жіберген

1 407

Фото: pixabay.comАлматы облысындағы Бәйдібек ауылында бірге тұратын еркек пен әйел ішімдік ішкен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Ер адам мен әйел ішімдік ішіп отырып жанжалдасып қалған. Ақырында ер адам бірге тұратын сүйіктісінің үстіне жанармай шашып, өртеп жіберген.


 

“Полиция денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Алматы облысының полиция департаменті Меруерт Морякова.

Зардап шеккен әйел II-дәрежедегі күйікпен ауруханаға жеткізілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.