Мұғалім мәртебесі басты назарда

1 528

Қазалы ауданындағы Ақтан батыр ауылының №190 қазақ орта мектебінің тарихы әріден басталады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.


1885 жылы 12 тамызда Қаракөл болысының Томанкөл ауылында орыс-қазақ училищесі ашылады. Мектепке сол кезеңнің беделді адамы Байеке Жамановтың үйі берілген. Мектепте жастары 18-20-дағы жергілікті байлардың 17 баласы оқыған. Мұғалімнің жетіспеушілігінен мектеп жабылған.


1934 жылы көларық ауылында «Томан» бастауыш мектебі ашылады. 1937 жылы «Томан» бастауыш мектебі жеті жылдық «Көларық» мектебі болып аталады. Бертін келе 1965 жылы 1 қыркүйекте ауылда сегіз жылдық мектеп ашылады. Бұдан соң 10 жылдық мектеп болып құрылады. Кейін ауыл орталығынан екі қабатты 392 орындық мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Мектепке көп жылдар басшылық жасап, білім саласының дамуына зор үлес қосқан азамат Жәдиев Жандәулет еді. Жадиев Жандәулет еңбек жолын 1961 жылы Жданов атындағы №25 орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Сосын №78 Майлыбас сегізжылдық мектепте директор, одан кейін №190 орта мектепте директор, Қазақстанның – 40 жылдығы совхозында партия комитетінің хатшысы, №190 орта мектеп директоры қызметін атқарған. В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған медалі, екінші мәрте КСРО оқу министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған, 1988 жылы желтоқсан айында Мәскеу қаласында өткен білім беру қызметкерлерінің бүкілодақтық съезінің делегаты болды.


Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №190 орта мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мектеп ғимараты типтік негізде 1984 жылы салынған. Жобалық қуаты – 392 орындық. 2023-2024 оқу жылында педагог- қызметкерлер саны – 57. Оның ішінде, педагог – 55. Соның арасында жоғары білімділер – 49, 1 магистр, 5 орта және кәсіптік, 13 педагог зерттеуші, 19 педагог сарапшы, 2 ІІ-санатты, 9 педагог модератор, 13 санатсыз педагог бар.


Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытуға ерекше мән берілген. Әрбір бала өмірінің сәтті бастамасы ретінде сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға (бұдан әрі – МТО) тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстанның білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын мектепте мектепалды даярлық тобының жұмысын ұйымдастыру арқылы жүргізілуде.


Адамның дамуы үшін ең тиімді кезең болып табылатын балалар өмірінің алғашқы жылдарын "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына сәйкес ұйымдастыру білім беру ұйымының басты міндеті ретінде қарастырылып келеді. PISA зерттеуінің нәтижелеріне сүйене отырып, келешек мектептегі оқу үлгерімнің оң нәтижеде болуын көздей отырып, мектепалды даярлық топтарына дейін балалардың елді мекендегі балабақшада болуы арқылы өзара сабақтастық негізде жүргізілуде. Мектеп жанынан ашылған – 50 орындық «Мерей»шағын орталығында кіші және үлкен екі топта – 50 баладан тәрбиеленуде.


2023-2024 оқу жылында мектепалды даярлық тобында – 28 бала тәрбиеленуде. Тәрбиешілікке жоғары білімді мектепке дейінгі тәрбиеші мамандығы бар педагогтар тартылған. 2021 жылы қабылданған білім мазмұнын жаңғыртуды көздейтін мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытуды дамыту моделі бойынша ғылыми деректер негізінде балаларды дамыту мен оқытуға қойылатын өзгермелі талаптарға сәйкес, жұмыс жүргізу жоспарланған. Модель мынадай салалардағы проблемаларды шешудің кешенді тәсілдерін қамтиды: көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру; педагогтің кәсіби әлеуетін арттыру; инфрақұрылымды жақсарту.


Модельді іске асыру шеңберінде МАД тәрбиеленушілерінің дағдылары мен құзыреттері, мектепке дейінгі ұйымның педагогіне қойылатын талаптар 2022 жылы қабылданған  Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт (бұдан әрі – МЖС), Үлгілік оқу жоспарлары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұнына негізделіп жүргізілуде. 1-11 сыныптар жатыр.    


Орта білім берудегі ерекшелікке не жатады? Орта білім беру желісі 1-11 сыныптарда 16 сынып жинағында – 287 оқушы  білім алушыларды  қамтыды. Орта білім беру ұйымының желісі бойынша жыл сайын оқушы саны артып келеді. Мектептегі білім беру мазмұнына сай жаңартылған білім беру мазмұнын бағалау шеңберінде Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің қолданыстағы үлгілік оқу бағдарламалары негізінде білім алушының функционалдық сауаттылығын дамыту қажеттілігі ескеріле  жұмыс  жасалуда. Құндылыққа бағдарланған, іс-әрекеттік, тұлғаға бағдарланған және коммуникативті тәсілдер негізінде орта білім беру мазмұнын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру және күшейту қажет.  


Орта білім беру сапасын арттыруда оқулықтардың сапасы, қолжетімділігі  ерекше  орын алады. Мектеп кітапханасы оқушыларды  оқулықпен, көркем әдебиетпен қамтамасыз етеді. Жалпы, мектеп кітапханасында барлығы – 17373 кітап қоры  бар. Оның ішінде,  13955 оқулық, электронды  оқулық  саны – 280, қазақ тіліндегі кітап саны – 10990. 2023-2024 оқу  жылында   оқушылар оқулықпен 100 процент қамтылды. Кітапхана  қоры 2023-2024 оқу  жылында – 750   толықтырылды.


Мектептегі білім берудің сапасы мен тиімділігін сипаттайтын негізгі параметрлердің бірі – дарынды балаларды анықтау және дамыту, олардың республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарға қатысуы болып табылады.


Соңғы үш жылда мектеп оқушылары түрлі сайыстар мен олимпиадаларға қатысып келеді. 2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сыныптар арасында  өткен пән олимпиадасынан үшінші орынды төрт оқушы иеленді. Түрлі деңгейдегі және интелектуалды сайыстар  бойынша. «Ақбота» сайысына – 63 оқушы  қатысып, бірінші орын-45, екінші орын-14, ұшінші орын – 4; «Британ булдогы» 5 оқушы қатысып, бірінші орын -1, екінші орын-4; «Лидер ХХІ века» 2 оқушы  қатысып, бірінші орын -2; Спорттық – әскери сайыстар 20 оқушы  қатысып, үшінші орын-6; түрлі деңгейдегі сайыстарға – 41 оқушы қатысып, бірінші орын -9, екінші орын -5, үшінші орын-10, Алғыс  хат -17. Ғылыми жоба  байқауына – 3 оқушы  қатысып, бірінші орын-1, екінші орын-1, Алғыс  хат -1 алған. 2021-2022  оқу жылында аудандық сайыстардан бірінші орын  3 оқушы, екінші орын 13 оқушы, үшінші орын 18 оқушы, Алғыс  хат -10 оқушы; обылыстық  сайыстардан бірініш орын-1, екінші орын-1, Алғыс  хат - 3 оқушы, республикалық сайыстарда бірініш орын -9 , екінші орын-7, үшінші орын - 5 оқушы, Халықаралық сайыстардан бірінші орын-7, екінші орын-7, үшінші орын-2 оқушы  иеленді. Ғылыми жоба   байқауларында аудандық кезеңнен Алғыс  хат-1, үшінші орын-3 оқушы иеленді. Республикалық жас  ғалымдар жобасында бірінші орын - 1 оқушы  иеленді. 2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде үшінші орын - 1, Алғыс  хат - 2 оқушы  алды. «Яссауи тану» халықаралық байқауының  аудандық облыстық кезеңінен бірінші орын алып, республикалық байқауда Дипломмен мадақталды.


Мектепте ЕБҚ балалар педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетіліп, арнайы дефектолог маман жұмыс  жасайды.   2020-2021 оқу  жылында ЕБҚ-11 оқушы, үйден оқитын -2 оқушы, 2021-2022 оқу  жылында 10 оқушы  ЕБҚ, үйден оқуда-1 оқушы  болды.   Өткен 2022-2023 жылдың басында ЕБҚ балалардың саны – 12 баланы құрады. Үш оқушы  денсаулығына  байланысты үйден оқуға шығарылды. 2023-2024 оқу жылында  ЕБҚ 10 оқушы  бар, оның – 2 оқушысы  үйден оқиды. Психологиялық-педагогикалық қолдауды сапалы іске асыру үшін базалық инфрақұрылым (жобалық қуат, мамандар кабинеттері, талаптарға сәйкес, заманауи жабдықтармен жабдықталған дефектолог кабинеті  жұмыс  жасайды. Ауылдық жерлердегі мектеп ғимараттарының материалдық инфрақұрылымы қалалық білім алушылармен салыстырғанда, ауылдық білім алушылардың мүмкіндіктерін айтарлықтай шектейді. Кең жолақты интернеттің жылдамдығы 2020-2022 жылдары  8 мбит/с болса, 2023-2024 оқу жылында (20 мбит/с) жоғарылатылды. Сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау ретінде заманауи мектеп инфрақұрылымын құру мемлекеттің басым міндеті болып табылады. 2021 жылдан бастап,  мектептерді жаңғырту жүзеге асырылуда. Жаңғырту жұмыстың алты бағытын қамтиды: күрделі және ағымдағы жөндеу, мектептерді пәндік кабинеттермен жарақтандыру, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, балалардың мектепте және мектеп жанындағы аумақта қауіпсіз болу жағдайларын жақсарту. Үш жыл қатарынан мектепке ағымдағы жөндеу  жұмыстары жыл  сайын жасалды. Биология, химия, физика  жаңа пәндік кабинеттермен жаңартылды. Мектепте қауіпсіздік жағдайлары жақсартылды.


Алайда, іске асырылып жатқан шараларға қарамастан, орта білім беру инфрақұрылымын дамытуда сын-қатерлер бар. Мектепте пән кабинеттерінің  жетіспеушілігі  оқушы орындарының жинақталған тапшылығына ілесе алмай отыр. Балалар санының өсуі және оқушы орындарының тапшылығы жағдайында екі ауысымда оқыту өзекті проблеманың бірі ретінде қалып отыр


     Жекелеген санаттағы балаларды әлеуметтік қолдау көзделген. Жалпыға бірдей оқыту қорынан жүзеге асырылады. 2023-2024 оқу жылында  65 оқушы  қаржылай материалдық көмек  алды.    Жергілікті бюджет есебінен 2023-2024 оқу  жылында - 157 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. 2023-2024  оқу жылында  1-4 сыныптың  132 оқушы түгел  100 процент ыстық тамақпен қамтылды.


    Білім алушылардың 2022-2023 оқу  жылында мектеп жанындағы  лагерьде  -30, республика, қала сыртындағы  лагерлерде - 24 оқушы сауықтырумен қамтылды. Балалар арасында  қылмыс  орын алған жоқ.  Профилактикалық шаралардың қатарында – әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында балалардың қауіпсіздік құралдарын пайдалануын насихаттауды (балаларға арналған велосипед дулығалары, балаларға арналған автокреслолар мен қауіпсіздік белдіктері, биік тұрғын үйлерге терезе қоршауларын орнату, құтқару кеудешелерін қолдану) және сабақтарда, сабақтан тыс жұмыстарда балалардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыруды атап өтуге болады.  Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында білім беру ұйымы  бейнебақылау жүйелерімен жарақтандырылған. Қолайлы жағдай және қауіпсіз орта жасау: бейнебақылаумен қамтамасыз ету; адамдар жаппай жиналатын жерлерде балаларды бақылау және қадағалау мүмкіндігі (ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 қаулысына сәйкес); IP бейнебақылау камераларының жалпы саны – 8. Бекітілген объективті IP бейнекамера - 4 дана; бекітілген объективті IP бейнекамера - 4 дана (сыртқы түсірілім) Бейнебақылау мониторы – 1 дана жұмыс  жасайды. Мектепте қауіпсіздік жағдайлары жақсартылды. Білім беру ұйымында өткізу жүйесі (турникеттер) орнатылған.  Жылы дәретханасы мектеп ішінде  орналасқан. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарына сәйкес, жалпы, білім беретін мектепте 16 сынып-жинаққа педагог-психологтың 1 ставкасы бар. Педагог-психолог 291 оқушымен жұмыс жасайды. Балалардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында алғаш рет баланы жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу қағидалары бекітілді. Бұл психологиялық қызметтің құрамына кіретін мамандардың жұмысын жүйелеуге, жұмыс принциптерін реттеуге мүмкіндік берді.     Жеке қолдау көрсетуге қолжетімділікті арттыру мақсатында ата-аналардың, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары, ішкі істер органдары қызметкерлерінің, білім алушылардың оларға қатысты жәбірлеу (буллинг) фактілері туралы өтініштері кезінде іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу қағидаларының негізгі мақсаты – баланы жәбірлеуге (буллингке) нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасау. Балалар мен ата-аналарға  тегін консультациялық көмек көрсетіледі.


Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру және қосымша білім беру де не ескеріледі? Тәрбие оқытумен тығыз байланыста. Білім алу танымдық, шығармашылық мүмкіндіктерді арттырады, адалдық, табандылық және өзіне қойылатын талапшылдық қасиеттерінің қалыптасуына себеп болу арқылы тәрбиелілік деңгейінің артуына ықпал етеді.


Қазақ ағартушылары – Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев балаға сөз емес, ата-анасының және оның айналасындағы адамдардың іс-әрекеттері әсер етеді деп тұжырымдаған. Осыған орай, бала тәрбиесінде отбасындағы ахуал, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, ата-ана бойындағы адами қасиеттер мен өмірлік ұстанымдардың маңызы зор.


Білім алушылардың физикалық, психологиялық, әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін отбасы тәрбие институты ретінде маңызды рөл атқарады. Орта білім беру деңгейінде білім алушыларды тәрбиелеу ісі пәндік мазмұн және тәрбие жұмысы арқылы жүзеге асырылады. Тәрбие ісінің табыстылығы ұйымның миссиясына және мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне, білім алушылардың жеке ерекшеліктерін білуіне, ұжымның тәрбиелік міндеттеріне байланысты. Бұл ретте баланың толыққанды дамуы үшін мектептегі тәрбие процесіне ата-аналардың қатысуы және оқу үшін қолайлы жағдай мен орта құру қажет.


Білім беру ұйымында тәрбие жұмысы мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады – рухани-танымдық тәрбие; ұлттық тәрбие; отбасылық тәрбие; қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие; еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие; көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие; зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу; дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру және басқалар.


     Отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие мәселелері орта білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жоспарына және пәндердің оқу бағдарламасы мазмұнына енгізілген. Ата-аналардың республикалық қоғамдық кеңесінің қызметін әдістемелік сүйемелдеу мақсатында 2020 жылдан бастап, "Отбасы – мектеп", "Мектеп өмірінен бір күн" ұзақ мерзімді жобалары іске асырылуда.2020 жылдан бастап, «Шаңырақ» қауымдастығы жыл бойы жүйелі жүргізді. «Тағылым» ата – аналар кеңесі, «Шапағат» қамқоршылық кеңесі, «Тұран» жастар ұйымы, «Сымбат» қыздар ұйымы, «Жігер» жігіттер кеңесі, «Сұңқар» полицияның жас достары тобы тәрбие жұмысының оң нәтижеге жетуіне ықпал етті.  Мектепте «Жас Ұлан» қоғамдық бірлестігі және өзін-өзі басқару «Мектеп парламенті» жыл бойы жүйелі жүргізді.


     Сыныптан тыс жұмыстарда білім алушыларға экологиялық тәрбие беру шеңберінде ақпараттық-экологиялық, әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізіледі. Акциялар, көрмелер, мектепті және оған іргелес аумақты ең жақсы көгалдандыруға арналған конкурс енеді.


Білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымын дамыту үшін, рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбелеу контекстінде мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, оған қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында «Адал Ұрпақ» ерікті клубы  жыл бойы жұмыс жасады және басқа да, қоғамдық пайдалы қозғалыстарға білім алушыларды тарту ауқымы кеңейтілуде. Азаматтық белсенділікті дамыту білім алушылардың  "Жас ұлан", "Жас сарбаз" секілді пікірталас қозғалысына,  «Мектеп театры», «Оқуға құштар мектеп» , «Дебат» клубының жұмыстары жоспарға сай өткізіліп тұрды. «Дебат» пікірсайыс клубының мектепте өзін-өзі басқаруға, балалар-жасөспірімдер қозғалысына қатысуымен сүйемелденеді.


  2020 жылы пандемия тәрбие жұмысын да өзгертуге түрткі болды, педагогтер мен білім алушылардың ІТ-дағдыларын дамыту қажеттілігін көрсетті. Ата-аналардың онлайн-жиналыстарын, педагогикалық кеңестерді, сынып сағаттарын өткізудің бірыңғай форматтары, онлайн-іс-шаралар кезіндегі мінез-құлық ережелері (zoom, teams, google meet платформалары және басқалар), онлайн-форматта тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы ережелер әзірленді.


     "Оқуға құштар мектеп" жобасы оқуға деген қызығушылықты арттырады және білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытады. Бұдан басқа, жоба өзара іс-қимыл және әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті деңгейін және оқу белсенділігін дамытуға, оның ішінде, бірыңғай оқырман қауымдастығын қалыптастыру үшін ата-аналарды іс-шараларға тартуға ықпал етеді.      Білім алушылардың білімге және шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілігін алуға, өз қабілетін іске асыруға, өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беретін жалпы білім берудің құрамдас бөлігі балаларға қосымша білім беру болып табылады. Жыл  сайын мектепте қоғамдық негізде  29 үйірме жұмыс  жасайды. Мектептің  291 оқушысы толық 100 процент үйірмемен қамтылған. «Валейбол» (ұл), «Валейбол» (қыз), «Теңбіл доп (үлкен топ), «Теңбіл доп» (кіші топ), «Баскетбол», «Тоғызқұмалақ», «Теннис», «Дойбы», «Шахмат», «Қол добы» сияқты спорт секцияларына 228 оқушы  тартылды. Бұл жалпы, оқушылардың  79 проценті.


     Соңғы 3 жылда қосымша біліммен, мектептен тыс ұйымдармен қамтылған балалар  балалар саны-80 білім алушы. Грек-Рим  күресімен -50, домбыра  үйірмесінде-7, би-14, ән-76 баян үйірмесінде -2 оқушы қатысады. Үйірмеде білім алушылар шығармашылық қабілеттерін дамытады. Қосымша  білім  беру ұйымында  жалпы  мектеп оқушыларының 27 процентін құрайды


Педагог мәртебесі бойынша білімді де білікті кадрларсыз білім беру жүйесін дамыту мүмкін емес. 2019 жылы қабылданған "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы соңғы үш жылда педагогтерге қолайлы жағдай жасау және олардың кәсіби тұрғыда өсуін ынталандыру бойынша жүйелі шаралар кешенін іске асыруға мүмкіндік берді.


2020 жылдан бастап, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтерінің еңбегіне ақы төлеу екі есеге артты. Аттестаттау қорытындылары бойынша  орта білім беру ұйымының педагог-зерттеуші -13,педагог-сарапшы-19,педагог-модератор-9  педагогі білікітілік санатына  қарай лауазымдық жалақысынан 30 пайыздан 40 пайызға дейін қосымша ақы алады.


     Мамандықтың беделі артып, еңбек жағдайлары жақсарып, педагогтардың құқықтары мен мүмкіндіктері кеңейтілді. Атап айтқанда, педагогтердің жүктемесін азайту бойынша шаралар қабылданды. Мұғалімдердің еңбегін, сондай-ақ, демалыс уақытын нормалау жүйесі әзірленді. 2021 жылдан бастап, мектеп педагогтарының 18 сағаттық жүктемесінен 16 сағаттық жүктемесіне көшу жүзеге асырылды.


2023 -2024 оқу жылында  -25  мұғалім кәсіби  біліктілік арттыру  курсымен қамтылатын болады. Біліктілікті арттыру курстарының маңызды нысаналы тобы білім беру ұйымдарының басшылары болып табылады. Мектептің басқарушы персоналы директор, орынбасарлар 9,3 айлық курстардан және көшбасшылық және менеджмент дағдыларына даярлау курстарынан өткен.