Полицей қызметтік қарудан танысына оқ атқан

1 823

©️ Турар КазангаповАқтөбеде полиция қызметкері қызметтік қарудан танысына оқ атты. Жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға 25 наурызға қараған түні болған. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, құқық қорғау органы қызметкері қауіпсіздік ережелерін бұзып, абайсызда қызметтік қарудан оқ атқан.


"Нәтижесінде оның танысы жарақат алды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 371-бабы ("Салғырттық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады ведомство.


Полиция қызметкері қызметтік міндетінен уақытша шеттетілді, ал тергеу барысы облыстық Полиция департаментінің бақылауында.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жәбірленушінің жағдайы тұрақты, ол ауруханада ем алып жатыр.


"Науқас 25 наурызда оқ жарақатымен түсті. Оған алғашқы хирургиялық көмек көрсетілді", – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.