Көкшетауда полиция бастығының орынбасары қамауға алынды
313

Ведомстводан хабарлағандай, полицейлер басқа органның өндірісіндегі қылмыстық істі жабуға уәде бергені үшін кәсіпкерден 50 мың доллар алған деп күдіктелуде.
"Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша ҚІЖК 128-бабы бойынша Көкшетау полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды. 9 шілдеде Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.