Көкшетауда полиция бастығының орынбасары қамауға алынды

315

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Көкшетау полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомстводан хабарлағандай, полицейлер басқа органның өндірісіндегі қылмыстық істі жабуға уәде бергені үшін кәсіпкерден 50 мың доллар алған деп күдіктелуде.

"Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша ҚІЖК 128-бабы бойынша Көкшетау полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды. 9 шілдеде Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.