Әскери колледжде кадет қаза тапты

1 569

Фото: exk.kz13 ақпанда Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің 1-курс студенті тәуліктік кезекшілік қызметі кезінде өзіне оқ атып, қаза тапқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


“13 ақпанда Ш.Уәлиханов атындағы Әскери колледжде 1-курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, мерт болды. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – делінген қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесінде. 

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.


“Қорғаныс министрлігі басшылығы және әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады”, – делінген хабарламада. 


Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжі Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан. Колледж – қарулы күштер құрамына кәсіби сержанттарды дайындайтын негізгі орталық. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.