Қытайлық түлектер Қазақстанда жоғары білім алмақ

74

Қазақстанның оқу орындарында қытайлық көлік колледжінің түлектері білім алатын болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылау нәтижесінде Логистика және көлік академиясы мен Нанкин көлік технологиялары кәсіптік институты арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Нанкин көлік технологиялары кәсіптік институты – Қытайдың Цзянсу провинциясы Көлік департаментінің қарамағындағы мемлекеттік институт. Оның 6 факультетінде 10 мыңнан аса студент оқиды.


Аталған келісім шеңберінде Қытай көлік колледждерінің түлектерін Қазақстанның бейінді көліктік жоғары оқу орны – Логистика және көлік академиясында бакалавриат бағдарламалары бойынша оқыту көзделеді. Тараптар көлік және логистика саласы үшін мамандарды бірлесіп даярлау, профессорлық-оқытушы құраммен және білім алушылармен академиялық алмасу, жазғы және қысқы мектептерді ұйымдастыру-өткізу және көлік, теміржол машиналарын жасаудағы инновациялық технологиялар трансферті туралы уағдаласты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.