ҚЫЗЫЛОРДАДА "ТРАНЗИТ" НӨМІРЛІ 32 КӨЛІК АЙЫП ТҰРАҒЫНА ҚОЙЫЛҒАН
"Транзиттік" нөмері бар көліктер 10 күн ішініде ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Шетелдік автокөліктерді басқару және тіркеу мәселері бойынша бүгінгі таңда жүргізушілер арасында наразылық туындап, әлеуметтік желіде жиі көтеріле бастады. Жүргізушілердің айтуынша, жаппай транзиттік нөмерлі көліктердің айып тұрағына қойылғандығы дау тудыруда.
"Транзиттік" нөмерлі көлікті бір жыл ішінде заңдастыруға болады деген ақпаратты жоққа шығарды. Сонымен қатар, бүгінде заңдастырылмаған көлік жүргізушілеріне айыппұл салынып, айыптұрағына қойылған. Тіпті 590 -бабының 2-1 бөлігіне сәйкес 20АЕК мөлшерінде немесе 1 жыл мерзімге көлікқұралын басқару құқығынан айырылатынын алға тартты.
Бүгінгі таңда, 27 көлік 797- бабына сәйкес, айыппұл өндіріліп, айып алаңынаншығарылған. Грузия елінен келген 32 транзиттік көлік айып алаңына қойылған. Тіркеу жұмыстары басталғалы шетелдік көлікті заңдастыру үшін 19 867 өтініш түсіп, оныі ішінде 18 240 көлік заңдастырылғаны белгілі болды.