Қоқыстан ер адамның бөлшектелген денесі табылды

1 417

Фото: istockphoto.comӘлеуметтік желіде Жезқазғанда ер адамның бөлшектелген денесі табылғаны туралы ақпарат жарияланды. Аталған жайтқа қатысты Ұлытау облыстық полиция департаменті пікір білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қалада кісі өлімі туралы ақпарат Telegram-дағы «Криминалды Қазақстан» арнасында пайда болды.

«30 қаңтарда түскі уақытта Жезқазған қаласында қоқыс контейнерінен аяғы жоқ 1985 жылы туған жергілікті тұрғынның бөлшектелген денесі табылды», - делінген жазбада.

 Ұлытау облыстық полиция департаменті өкілдері қылмыстың Байқоңыров көшесіндегі үйлердің бірінде болғанын мәлімдеді.

«Таныс адамдардың арасында жанжал туындап, кісі өлімімен аяқталған. Полиция қызметкерлері Жезқазған қаласының екі тұрғынын анықтап, ұстады. Олар уақытша ұстау абақтысына қамалды», - дейді ведомстводағылар.

Тергеу жүріп жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.