Пансионаттың ұстазсымақтары балаларға теріс бағытта сабақ беріп, шетел асырып жібірген
290
Алматыда пансионатта жүріп жәбір көрген жасөспірімдер бар шындықты жайып салды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.
Алматыдағы пансионатта тұрған жасөспірім «Имамдарды жолатпай, жұма намаз жабық түрде оқылды», – деп мекеме ішіндегі астыртын әрекеттерді әшкере қылды. Оның айтуынша, қайырымдылық қорына қарайтын жатақханада тіпті шетел азаматтары діни тақырыпта емтихан тапсыртқан. Бұған дейін БАҚ-та құзырлы органдардың дәл осындай балалар пансионатына қатысты қылмыстық істі тергеп жатқаны айтылған еді.
Атын жария ету тұрмақ, түрін көрсетуге қорыққан жасөспірім дауысын да өзгертуді сұрады. Алайда ол пансионат қызметкерлерінің жасырын әрекетін жасырмай айтып берді. Сөзіне сенсек, өздерін «ұстаз» дегізгендер жабық, әрі жүйелі түрде діни жоралғылар өткізген. Тіпті, өзге тілде дәріс берген кездері де болыпты.
Жасөспірім «жағдайды бірден ата-анама айтуға о баста батылым бармады», — дейді. Алайда кейін шындықты жасырмай, іс насырға шаппай тұрғанда мекемеден біржола кетуді жөн санапты. «Пансионаттың балаларды шетелге жіберетіні туралы айтылғанда» сенбедік. Бірақ мына азаматтың айтуы бойынша, оның тұңғыш ұлы да, тіпті өзі де «ұстаздардың» сөзіне еріп, баласын жат елге аттандырыпты.
Құзырлы органдар дерегінше, мұндай пансионаттар Алматыда ғана емес, елдің өзге өңірлерінде де бар. Жалпы саны 90-нан асады. Және барлығы бір қайырымдылық қорына қарайды. Бұған дейін олар Мүфтиятпен меморандум жасасу арқылы жұмыс істеген.
Дінтанушының айтуынша, «медресе» атын жамылғандар имамдарды жолатпай, үй ішінен үй тігіп өз ережесімен жүруінің өзі қоғамға төнген қауіп.
Қаңтар айында әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға тәртіп сақшыларының пансионаттар маңында жүргені таспаланған. Полиция департаментінің өкілдері сол кезде тексеру жүргізіліп, оқиға орнынан «Қазақстанда экстремистік деп танылған және таратуға тыйым салынған материалдар табылғанын» хабарлады.
Полиция өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайтынын мәлімдеді. Бүгінде егжей-тегжейлі тексеру жүргізіліп жатыр.

Ол жаққа барғалы имамдарды көрген жоқпын, – дейді жасөспірім.
Атын жария ету тұрмақ, түрін көрсетуге қорыққан жасөспірім дауысын да өзгертуді сұрады. Алайда ол пансионат қызметкерлерінің жасырын әрекетін жасырмай айтып берді. Сөзіне сенсек, өздерін «ұстаз» дегізгендер жабық, әрі жүйелі түрде діни жоралғылар өткізген. Тіпті, өзге тілде дәріс берген кездері де болыпты.
Сосын ұстаздың өзі бір сөзінде айтқан. «Біз заңсыз жүріп жатырмыз» деді. Жұма күні тексеріс келді. Сол күні жұма намазы болмады. Кітаптардың бәрін тығып тастады. Бізге алдын ала ескертіп қойды. «Тексеріс келсе кітаптарды сөреге салып тастаңдар». «Бір кітап болмасын» деп тапсырды, – дейді жасөспірім.
Жасөспірім «жағдайды бірден ата-анама айтуға о баста батылым бармады», — дейді. Алайда кейін шындықты жасырмай, іс насырға шаппай тұрғанда мекемеден біржола кетуді жөн санапты. «Пансионаттың балаларды шетелге жіберетіні туралы айтылғанда» сенбедік. Бірақ мына азаматтың айтуы бойынша, оның тұңғыш ұлы да, тіпті өзі де «ұстаздардың» сөзіне еріп, баласын жат елге аттандырыпты.
Балалар ұшаққа отырғаннан кейін мұндағылар бірден басын ала қашты. Басында баламды «ең мықты университетке оқуға түсіреміз» деп сендірді. Оған мен қуанып, арам ойым болмады. Кейін ұлым да, бірге кеткен 70 бала да университетте емес, медресе атын жамылған мекемеде тұрғаны белгілі болды. Онда бас-көз болған «ұстазсымақтар» оларға күш қолданған, – дейді ата-ана.
Құзырлы органдар дерегінше, мұндай пансионаттар Алматыда ғана емес, елдің өзге өңірлерінде де бар. Жалпы саны 90-нан асады. Және барлығы бір қайырымдылық қорына қарайды. Бұған дейін олар Мүфтиятпен меморандум жасасу арқылы жұмыс істеген.
Дін бойынша, заң бойынша заңсыздықтар табылып жатқаннан кейін ҚМДБ өзара жасалған, «Жібек жолы» қайырымдылық мекемесімен жасасқан меморандумды тоқтатты, – деді ҚМДБ Алматы қаласы бойынша пәтуа бағытына жауапты маман Елбек Тасболатұлы.
Дінтанушының айтуынша, «медресе» атын жамылғандар имамдарды жолатпай, үй ішінен үй тігіп өз ережесімен жүруінің өзі қоғамға төнген қауіп.
Дер кезінде мына дертті емдемесе, «сүлейменшілерді» қолға алмаған жағдайда олар да күш жинаған кезде шынайы бетперделерін көрсетеді. Біріншіден, Діни басқармаға бағынбағаны үлкен қауіп төндіреді. Екіншіден, өздерінің жасырын құлшылықтары шариғатқа қайшы болғандықтан, ол да бір қауіп, – деді теолог Руслан Қайыргелді.
Қаңтар айында әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға тәртіп сақшыларының пансионаттар маңында жүргені таспаланған. Полиция департаментінің өкілдері сол кезде тексеру жүргізіліп, оқиға орнынан «Қазақстанда экстремистік деп танылған және таратуға тыйым салынған материалдар табылғанын» хабарлады.
Пансионаттың ішінде жасөспірімдер заңсыз діни жоралғылар және ұжымдық дұғаларға қатыстырылды. Ал келіспеген кішкентай балаларға қысым көрсеткен. Тамақ, су бермей, кей кезде қол көтерген. Осы деректер белгілі болғаннан кейін полиция тарапынан іс-әрекет жасалды. Қазіргі таңда қылмыстық іс тергеу басқармасында, – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.