"Енді 1414-тен SMS код келмейді": Жеке деректерге қол жеткізу ережесі қатаңдатылмақ

1 572

Фото: MidjourneyАзаматтардың жеке деректерін қорғау шаралары күшейтіледі,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, бұған дейін кейбір мемлекеттік сервистерге бір реттік 1414 SMS-коды арқылы кіру мүмкіндігі болған. Алайда мұндай тәсіл арқылы алаяқтар азаматтардың телефон нөміріне жалған хабарлама жіберіп, жеке деректеріне қол жеткізуде.

Осыған байланысты 1414-тен SMS-код жіберу тәжірибесі тоқтатылады. Енді ақпараттық жүйелерге кіру тек биометриялық аутентификация, ЭЦҚ немесе арнайы QR-код арқылы жүзеге асырылады.

Қорғалу талаптарын осы айдан бастап орындамаған жүйелер 1414 SMS-шлюзінен ажыратылмақ.

Сонымен қатар азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында eGov Mobile қосымшасында кибергигиена, күмәнді әрекеттерді анықтау және цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану бойынша ақпараттық баннерлер орналастырылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.