Ер адамның бөлшектелген денесі табылды

1 124

Фото: pixabay.comАқтөбелік полиция бір ай бұрын жоғалып кеткен Хромтау тұрғынының мәйітін тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оның денесі бөлшектеліп қапшыққа салынған, ал басы мұздатқыштан табылған.Оның денесінің басқа бөліктері сөмкелерге салынған.


Мәйіттің табылғанын Ақтөбе облысының полиция департаменті растады. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Тергеу барысында екі адам анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – делінген хабарламада. 

Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.