Қызылордадағы күріш өндіретін 6 компания өнім бағасын көтеріп жіберген
Қызылорда облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне мониторинг және талдау жүргізілуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, мониторинг барысында басты назар өңірде өндірілетін азық-түліктің өзіндік құнына аударылды.
Департаменттің талдау тобы күріш өндіретін ең ірі 9 кәсіпорынның баға белгілеу жұмыстарына талдау жүргізілді. Оның нәтижесіне сәйкес, Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық өкілдігі 6 күріш өндіретін компанияның бағаны көтеруі қаншалықты негізді екендігін білу үшін тексеру тағайындады.
“Өзге кәсіпорындар өңірдің әлеуметтік дүкендерінде саудалау үшін облыстың Тұрақтандыру қорына арналған күріштің килограмын 420-дан 350-ге дейін түсіруге келісті. Қазіргі таңда әлеуметтік дүкендерде күріштің килограмын 350 теңгеден аспайтын бағада саудалау жұмыстары жергілікті органдар мен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік коропорациясы арасында қарастырылып жатыр”, – делінген хабарламада.
Айта кететін жайт, елімізде өткен жылы күріш 36%-ға қымбаттаған. Бағаның өсуі биыл да тоқтаған жоқ, жыл басынан бері өнім құны тағы 5,2%-ға көтерілді.
Сыр күріші – ел ырысы» деген сөз бекерге айтылмаса керек. Тарихи деректерге көз жүгіртсек, Сыр өңіріндегі алғашқы күріш егісі 1896 жылы пайда болған екен. Міне, содан бері күріш өнімін жинау жағынан еліміздегі негізгі аймаққа айналдық. Бүгінде Қызылорда облысы республиканың 90 пайызын күрішпен қамтамасыз етіп отыр десе болады.
Биыл статистикалық мәліметке сәйкес облыста 184,2 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде, негізгі дақыл — күрiштің көлемі 89,5 мың гектар. Егісті әртараптандыру бағытында алғаш рет перспективалы дақылдар — қант құмайы 70 гектарға, соя 240 гектарға, жүгері 1 667 гектарға жеткізіліп, ылғал сақтағыш аквагельдерді пайдалану арқылы 80 гектар богарлы жерлерге күздік бидай егілді.
Облыста күрішке орақ салу жұмыстары 22 тамыздан басталды. Қазіргі таңда 37 726 гектар күрішке орақ салынып, оның 28 208 гектары бастырылды. Әр гектарынан орташа 49,5 центнерден өнім алынуда.
Қызылорда облысы Республикадағы күріш егісі көлемінің 90%-ын өсіреді десек, соның 70%-ы орталық аймақта өсіріледі. Жыл сайын бұл аймақта 50-55 мың га жерге күріш дақылы орналастырылып, әр гектардан – 55-60 ц-ден өнім жиналады. Сол себепті Қазақстандағы күріш дақылы егісінің жартысы орналасқан бұл аймақта күріштің инновациялық сорттарын сортсынаудан өткізіп, табиғи-климаттық жағдайына бейімделген сорттарды іріктеп, күріш өсіруші шаруашылықтарға олардың сорттық технологиясымен өсіруге ұсыну күріш шаруашылығы саласын онан әрі дамытуға,өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға, сол арқылы облыс экономикасына жаңа серпін беретіні сөзсіз. Отандық және шетелдік сорттар тізілімінен рұқсат етілген және келешегі бар 7 күріш сорты зерттеуге алынып, арнайы сортсынау жүргізу әдістемесі бойынша үш жыл бойы (2015-2017 ж.ж.) танаптық тәжірибелер жүргізілді (1-кесте). Зерттеуге алынған сорттардың 1000 дәнінің салмағы 31,2-41,0 г аралығында болды, ал стандарт Маржанда 33,1 г болды. Дәнінің ірілігі жағынан Ресейдің Анаит сорты ерекшеленді (41,0 г).Себу мөлшерлері 238,8-313,8 кг/га аралығында болды.