Шымкент қаласында үшем дүниеге келді

494
Үшем 24 сәуір күні жүктіліктің 35-аптасында жасанды тілік арқылы туылған. Отбасында бұған дейін бес бала болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Үшем 24 сәуір күні жүктіліктің 35-аптасында жасанды тілік арқылы туылды. Сәбилердің салмағы 2000-2470 грамм аралығында, бойы 40-42 см аралығында. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулығы жақсарған,- дейді Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, Айсұлтан, Әлия және София есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты.

Отбасында бұған дейін бес бала болған. Осылайша 33 жасында үшем босанған қала тұрғыны Гүлмира Юсупова бірден сегіз баланың анасы атанды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.