Мемлекет басшысы: армияны заман талабына сай нығайту – негізгі басымдық
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі таңда Қарулы Күштерді заман талабына сай нығайту және елдің қорғаныс қабілетін арттыру бағытында барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kaz.zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы қауіпсіздік мәселелері мен қорғаныс қабілетін күшейту, сондай-ақ күштік құрылымдардың беделін арттыру – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі екенін айтты.
Әскери білім беру саласына да ерекше назар аударып, үздік түлектерді ынталандыру жөнінде тапсырма берілгенін атап өтті.
Президент елдің аумақтық тұтастығын қорғау мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету "Заң және тәртіп" қағидатымен тығыз байланысты екенін жеткізді.







