Наразы топ Алматы әкімдігіне басып кірді

327

Алматылықтар әкімдік ғимаратына шабуылдауда. Тұрғындар әкімдік орналасқан ауданнан жарылғыш заттардың дыбысы естіліп жатқанын айтуда,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Қолдарына темір, ағаш пен қалқан ұстаған наразы топ әкімдікке баса көктеп кірмек болуда. Қазіргі таңда әкімдік орналасқан аудан жақтан жарылыс, оқ дауысы естіліп жатқанын айтуда. Ғимараттан қою қара түтін шығып жатыр. 

Айта кетсек, бұған дейін азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Жарлық бойынша Алматыда комменданттық сағат енгізілді. Комменданттық сағат 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін жалғасады. Алматыда полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов коммендант болып сайланды. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.